Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Бішкекте Сооронбай Жээнбековпен кездесті
17:57 / 2019-06-13

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Бішкек қаласында Қырғыстан Республикасы Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті.


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Бішкек қаласында Қырғыстан Республикасы Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті.

Сұхбат басында Шавкат Мирзияев Қырғыстан Президентін Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы табысты төрағалығымен құттықтап, бұл кездесуден қуанышты екенін жеткізді.

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы достық пен стратегиялық әріптестік байланыстары күн өткен сайын жақсарып келе жатқанын шынайы ықыласпен атап өтті.

82537f87-b2ce-796a-51f2-83a4cb69be24.jpg

Қырғыстан мен Өзбекстан арасындағы сауда өсімі жедел түрде артуда, экономиканың түрлі тармағында кооперация жолға қойылуда, мәдени – гуманитарлық байланыстар нығайып келеді.

Кездесуде екі жақтық ынтымақтастыққа байланысты және аймақтық маңызға ие мәселелер талқыланды. 

87aad0be-8fdd-832f-a76a-e21b3b97c132.jpg

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары.