Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев: бірлесе жасаған күш-жігеріміздің нәтижесін халқтарымыз сезінуі керек
12:30 / 2019-04-27

«Бір белдеу, бір жол» екінші халықаралық форумы 27 сәуірде, делегация өкілдерінің дөңгелек үстел сұхбаты «Яньци» халықаралық конференциялар орталығында жалғасты.


«Бір белдеу, бір жол» екінші халықаралық форумы 27 сәуірде, делегация өкілдерінің дөңгелек үстел сұхбаты «Яньци» халықаралық конференциялар орталығында жалғасты. 

Онда, Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев сөз сөйледі.

-Халықаралық және аймақтық трансшекаралық мәселелер біздің Орталық Азияға, оның ішінде теңіз порттарына тікелей алып баратын жолы болмаған біздің еліміз үшін өзекті болып келді, қазірде сондай. Өзбекстан мемлекеттеріміздің орнықты дамуында маңызды рөл атқаратын «Бір белдеу, бір жол» бастамасын әуел бастан-ақ қолдап келеді, -деді Шавкат Мирзияев.

1.jpg

Мемлекет басшысы форумдағы дөңгелек үстел сұхбат барысында Бірлескен декларациясын қабылдауды құптап, бұл өңірлік ынтымақтастықты дамытуға, ортақ мақсаттарға жетуге, экономикалық өсудің жаңа көздерін ашуға және, сайып келгенде, халықтарымыздың әл-ауқатын өсіруге қызмет ететіні жайлы айтты.

2.jpg

Шавкат Мирзияев Орталық Азиядағы көліктік және логистикалық мүмкіндіктерді жетілдіру, «жасыл экономика» арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, туризмді дамыту, ортақ экологиялық проблемалар бірге жеңу және басқа да мәселелер бойынша бірқатар бастамаларды алға тартты.

3.jpg

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары. Кездесудің толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.