Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев БҰҰ Бас хатшысының орынбасарын қабылдады
16:41 / 2022-09-14

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 14 қыркүйекте ШЫҰ-ның Самарқанд саммитіне қатысу үшін Өзбекстанға келген БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер және бейбітшілікті нығайту жөніндегі орынбасары Розмари ДиКарлоны қабылдады.

Өзбекстан мен БҰҰ арасындағы практикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, өзекті халықаралық мәселелер, Өзбекстанда 2030 жылға дейін тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі жұмыстар бойынша пікір алмасылды.

Розмари ДиКарло Президент Шавкат Мирзияевке жылы қабылдауы үшін алғыс айта тұрып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриштің ізгі сәлемін жеткізді және оның 2022-2026 жылдардағы Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясы аясында жүзеге асырылатын реформаларды қолдайтынын білдірді.

Өзбекстанның БҰҰ құрылымдарына қатысуы кейінгі жылдары белсенді бола бастағаны атап өтілді. Өзбекстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының өңірлік ынтымақтастық пен өзара тәуелділікті ілгерілетуге бағытталған бес резолюцтясы қабылданды. 

Өзбекстан 2020-2021 жылдарда ФАО-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша 32-ші аймақтық конференциясына төрағалық еткені, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше болғаны, ЮНЕСКО-ның мектепке дейінгі білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конференциясын және Дүниежүзілік туристік ұйымының (ЮНВТО) Бас Ассамблеясын өткізуді жоспарлап отырғаны ерекше атап өтілді. 

Тараптар Арал теңізі апатының салдарын жою, Ауғанстанда бейбітшілік орнату және Ауғанстан халқына көмек көрсету, Орталық Азиядағы тұрақты дамуды ілгерілету және өзара тәуелділікті нығайту бойынша жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты нығайтуға келісті.