English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілін қабылдады
18:01 / 2023-02-14

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 14 ақпанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының арнайы өкілі, Орталық Азиядағы превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығының басшысы ретіндегі миссиясын аяқтап жатқан Наталья Германды қабылдады.

Мемлекет басшысы Орталық Азияда сындарлы диалог пен көпқырлы ынтымақтастықты дамытуда БҰҰ-ның Аймақтық орталығымен және басқа құрылымдармен тиімді ынтымақтастық жасалып жатқанын атап өтті.

Кейінгі бірнеше жылда Өзбекстан бастамасымен және бүкіл халықаралық қауымдастықтың қолдауымен Бас Ассамблеяның аймақтағы әріптестіктің ең өзекті бағыттары бойынша төрт қарары қабылданды.

Орталықтың тікелей қатысуымен Өзбекстанда бірқатар ірі халықаралық форумдар мен кездесулер бірлесіп ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Орталық Азия елдерінің көшбасшы әйелдерінің диалогы мен Жастарға арналған превентивтік дипломатия академиясының платформалары іске қосылды.

Наталья Герман Өзбекстан Президентіне аймақтағы достық, тату көршілік пен сенім атмосферасын нығайтуға, практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге қызмет еткен маңызды бастамалары үшін терең ризашылығын білдірді.

БҰҰ-ның жоғары мәртебелі өкілі өзінің жаңа қызметінде – Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Терроризмге қарсы комитетінің Атқарушы құрылымының басшысы лауазымында Өзбекстанмен аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде тығыз ынтымақтастық жалғасатынын баса айтты.