Шавкат Мирзияев Азия футбол конфедерациясының басшысын қабылдады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Азия футбол конфедерациясының президенті Шейх Салман бин Ибрахим Әл Халифаны қабылдап
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев қыркүйектің 16-шы жұлдызында Азия футбол конфедерациясының президенті Шейх Салман бин Ибрахим Әл Халифаны қабылдап, Өзбекстан мен АФК арасындағы жемісті серіктестікпен бірге Өзбекстанда футболды насихаттауға және жастарды осы спорт түріне кеңінен тартуға қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.
Өзбекстан 1994 жылдан бері конфедерация мүшесі. Қазіргі таңда осы ұйыммен футболды насихаттау бойынша бірқатар іс-шаралар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда, соның ішінде өңірлерде заманауй спорт инфрақұрылымын құру және бар болғанын қайта жөндеуден өткізу, жас спортшыларды қолдау, әйелдер футболын насихаттау, ірі халықаралық жарыстарды өткізу мен техникалық көмек бойынша дәйекті жобаларды жүзеге асыруға бағытталған көптеген шаралар амалда орындалуда.
Кездесуде Азия футбол конфедерациясымен өзара тиімді ынтымақтастықты жәнеде кеңейту мәселесі қаралып, конфедерация Өзбекстанда халықаралық дәрежедегі футбол инфрақұрылымын жаратуды, дарынды жастарды тартып, жоғары білікті мамандар мен жаттықтырушылар және төрешілерді дайындауда қолдан келгенше көмек бетерінін айтты.

Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары. Кездесудің толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.