Шавкат Мирзияев: Азаматтар қашанғы емделу үшін Ташкентке келеді?
Бүгін 6 қарашада, Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жөніндегі соңғы кеңесінде бірнеше маңызды мәселелер көтерілді.
Онда медицина саласында жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру, жүйені жетілдіру, алыс шалғайды мекендерге барып жұмыс істейтін мамандарға қолайлы жағдай жасау мәселесі талқыланып, әр бір аймақ өз қажеттілігіне орай, аурудың құрамына байланысты, жеке секторды тарта отырып емдеу мекемелерін құру қажеттілігі айтылды.
Атап айтқанда, Қарақалпақстан мен Хорезмде - бүйрек, Әндіжанда - кардиология, Бұқара мен Науаиыда - асқазан-ішек жолдары, Жыззақ пен Сырдарияда - тыныс алу жолдары, Қашқадария мен Ферғанада - эндокриндік, Самарқандта - гепатология, Наманган мен Сұрхандарияда - жүйке және қанайналым жүйесі, Ташкент облысында - офтальмология, Ташкентте - онкология бойынша озық шетелдік клиникалардың филиалдарын құру міндеті қойылды.
Жиында Мемлекет басшысы аймақтардағы аурулар түрлері мен олардың динамикасына негізделген 17 мамандандырылған ұлттық медициналық орталықтардың аймақтық филиалдарын құру қажеттілігін айтып:
- 17 мамандандырылған орталық тек Ташкент қаласы үшін ғана емес, бүкіл ел тұрғындары үшін. Қашанғы азаматтар ауруды емдеу үшін Ташкентке келуі керек? - деді.
Сондай-ақ, шенеуніктерге мамандандырылған орталықтардағы күрделі хирургиялық процедураларды, диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін облыстық, аудандық және қалалық ауруханаларға жіберу тапсырылды.