Шавкат Мирзияев ҚазақстанныңТұңғыш Президенті – Елбасына хат жолдады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтыруына байланысты жеделхат жолдады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтыруына байланысты жеделхат жолдады, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаев Мәртебелі мырзаға.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Сіздің коронавирус ауруына шалдыққаныңызды қатты алаңдаушылықпен және үлкен уайыммен қабылдадым.
Өміріңіздегі осынау сынақты, қиын-қыстау кезеңдерде біз үшін әрқашан үлкен құрметке ие Сіздей қымбатты ағамды жан-жақты қолдауға дайын екендігімді және жақын қолдаушы ретінде әзір екенімді білдіргім келеді
Алдағы уақытта, қысқа мерзімде осынау індетті сәтті жеңіп өтіп, ем табуыңызға, сауығып кететініңізге сенімдімін.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Алла Тағаладан Сізге мықты денсаулық, күш-қуат, ұзақ ғұмыр және жаңа белестерге қол жеткізуіңізді тілеймін.
Жақын арада Сізбен жүздесу бақытына жетуді нәсіп етуіне үміт қыламын.
Құрметпен,
Өзбекстан Республикасының Президенті
Ш.Мирзияев