Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев аймақтардағы қызметтерді дамыту жөнінде кеңес өткізді
22:42 / 2020-11-24

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 24 қарашада өткен бейнеконференцияда аймақтардағы қызметтерді дамытудың басым бағыттары талқыланды.

Қызмет көрсету экономиканың маңызды бөлігі болып табылады. Әлемде қызмет көрсету секторының ЖІӨ-дегі үлесі орта есеппен 61% құрайды. Ал, біздің елде оның көрсеткіші 36%. Алайда қосымша құнның 86 пайызы осы салада жасалады.

Қарақалпақстан, Қашқадария, Наманган және Сұрхандарияда жан басына шаққандағы қызметтер көлемі орташа республикалық деңгейден 2 есе төмен.  

Бүгінгі кеңесте осы саладағы ресурстардың көп екендігі айтылып, өңірлерде қызметтерді дамыту келесі жылдың басым бағыты ретінде айқындалды.

Соның негізінде, инвесторлардың қатысуымен саябақтар мен аллеяларда бір бөлігінде жеңіл конструкциялы сауда, қоғамдық тамақтану және ойын-сауық нысандарын ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау мекемелерінің бос бөлігін кәсіпкерлерге ұсыну арқылы да көптеген қызметтерді жолға қоюға болады.  

Осыған байланысты келер жылы спорт нысандарын салуға кәсіпкерлерді тарта отырып, 500 миллиард сум несие бөлу жоспары қойылды.

Қызмет көрсету саласын қолдауға байланысты, жылдық табысы 1 миллиардтан аспайтын кәсіпкерлер үшін әр тоқсан сайын қосымша құн салығын төлеу процедурасы жалғасатыны белгілі болды.  

Жалпы алғанда әрбір облыс, аудан және қаланың әкімі өз аумағында қызмет көрсету саласын дамыту бағдарламасын жасап, оны жүзеге асыруы міндеті қойылып, осыған байланысты модельдік жобалар жасалады және коммерциялық банктер қаржыландыруға көмектесу үшін аймақтарға бекітіледі. Барлық аудандарға нақты тапсырмаларды қамтыған үкімет шешімін қабылдау тапсырылды.