Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев аймақтардағы қоғамдық көлікті дамыту шаралары туралы кеңес өткізді
19:49 / 2020-11-30

Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 30 қарашада аймақтардағы қоғамдық көлікті дамыту шаралары талқыланды.

Зерттеулер қорытындысы бойынша, бүгінгі таңда Өзбекстанда күн сайын 20 млн жолаушының бар болғаны 4,4 млн-ы немесе 22 пайызы қоғамдық көлікті пайдаланады екен. Бұл көрсеткіш Әндіжан, Қашқадария, Наманган, Хорезм, Самарқанд, Ферғана, Бұқара және Ташкент облыстарында одан да төмен. Аудан орталығына баратын маршрут бойынша 1200 ауылды-мекен қоғамдық көлікпен қамтылмаған.

Мемлекет басшысы дәл осы жағдайға орай ауылдан аудан орталығына және сол жерден облыс орталығына дейінгі көлік қызметтерінің ауқымын кеңейту және сапасын арттыру қажеттігін айтып: - Қала, аудан мен ауылдар арасындағы көлік қатынауы адамдар үшін ыңғайлы, қауіпсіз әрі жеңіл болуы қажет. Халық бұл қызметтерден қазір риза өмір сүруі керек, - деді.

Мысалы ретінде алғанды, жолаушыларды тасымалдау шығындарының бір бөлігін жүріп өткен жол мен жолаушылар санына байланысты субсидиялануы мүмкін. Сондықтан Қаржы министрлігі мен Көлік министрлігіне жолаушылар тасымалымен айналысатын серіктестіктердің шығындарының бір бөлігін аудандар шегінде өтеу тәртібін әзірлеу тапсырылды. Келесі жылдан бастап осы жаңа жүйе пилоттық режимде енгізіліп, әр аймақтың бір ауданында енгізілетін болды.

Бұдан бөлек тағы бір маңызды факт, ауданнан облыс орталықтарына қатынайтын автобустардың ескіргендігі, тіпті олардың кейбірінің қызмет ету мерзімінен артық пайдаланылатындығы сөз болды. Автобуспен қамту коэффициенті әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 24 дананы құрайды екен. Бұл көрсеткіш Сұрхандария, Қашқадария, Наманган және Әндіжанда 15-ке жетпейді. Көлік паркін жаңарту үшін келесі жылы қосымша 800 автобус қажеттілігі бар.

Отандық өнім, өзімізде шығарылатын автобустардың құны шетелдіктерге қарағанда жоғары екендігі, сондықтан локализация деңгейін көтеру және автобустар мен микроавтобустардың құнын төмендету маңызды екендігі айтылып, жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялардың автобустарды сатып алу үшін алатын несие пайызының Орталық банк белгілеген ставкасынан жоғары бөлігін жабу және оларға кепілдік беру тәртібін енгізу туралы тапсырма берілді.

Халықтың сұранысы негізінде жеке секторды тарта отырып, жаңа маршруттар ашу, бұрынғыларын қайта қарау, аялдамаларды қайта жөндеуден өткізу қажет екендігі айтылды.