Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Ахмад Ферғани мүсініне гүл шоғын қойды
22:11 / 2023-02-20

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Мысыр Араб Республикасына ресми сапарын Ахмад Ферғани мұрасын зияратетуден бастады.

Бұл ұлы отандасымыз өз заманының кемел астрономы, математик, географы болғаны, Бағдад пен Дамаскіде ғылыми зерттеулер жүргізгені, 856 жылдан бастап Каирде тұрып, өмірінің соңына дейін Мысырда ғылыммен айналысқаны белгілі.

Ғалым көптеген маңызды жаңалықтар ашқан. Атап айтқанда, 861 жылы Ніл өзеніндегі Рауза аралында су деңгейін өлшейтін құрылыс салды. «Микйас ан-Нил» деген атпен белгілі бұл құрылғы ауыл шаруашылығы мен климатты бағалауда өте маңызды болған. 1200 жылға жуық құрылым өткен ғасырға дейін үздіксіз пайдаланылған болып, бүгінде ол туристік аймаққа айналды.

2007 жылы Микйас Нил маңындағы аллеяда Ахмад Ферғанидің мүсіні орнатылды. Мемлекет басшысы ұлы ойшылдың рухына тағзым етіп, гүл шоғын қойды.

Содан кейін Мемлекет басшысы Микйас Нил нысанын аралап көрді, ғалымдармен оның тарихы, Ахмад Ферғанидің ғылымға қосқан үлесі туралы әңгімелесті. Ұлы ғұламаның осы уақытқа дейін сақталып келген мұрасы, жалпы Мысыр тарихындағы өзбектердің алатын орны халықтар арасындағы мәңгілік достықтың айғағы екені айтылды.