Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев ауыз су жүйесіндегі мәселелер бойынша жиын өткізді
21:35 / 2020-07-17

«Узсувтаъминот» АҚ жыл соңына дейін 2,5 миллион тұтынушыны ауыз сумен қамту міндеті қойылды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 17 шілдеде аймақтардағы ауыз су мен кәріз жүйесін жақсарту, күзгі-қысқы маусымға дайындықты жеделдету туралы бейнеконференциялы жиын өтті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Өзбекстанда ауыз су мен кәріз жүйесін жақсарту үшін осы салаға соңғы үш жылда 3,7 триллион сум қаржы бөлінген және 48 жобаға 1,9 миллиард доллар шетелден несие алынған. Бүгінгі жиында үш жылға жоспраланған жобаға сай 3,6 миллион адамға су жеткізу міндеті қаржы бөлінгенге қарамай барлық проблемалар толық шешілмегені айтылды.

Мемлекет басшысы жобаларды іске асыру және шетелдік қарыздарды қайтару проблемаларына тоқталып, жаңадан салынып жатқан су желілерін толық пайдалану, алдағы жылдан бастап барлық жобаларда ауыз суды үйлерге қосу қажеттілігін атап, жобаны дайындауда және оны іске қосуға дейінгі процесті бақылайтын және сала мамандар мен шенеуніктер және әкімдер де жауап беретін жүйені құру қажеттігін білдірді.

«Узсувтаъминот» АҚ жыл соңына дейін 2,5 миллион тұтынушыны ауыз сумен қамту міндеті қойылды.

Бұдан бөлек Гидронысандарға су өлшеуіш, тұтынушыларға есептегіштер орнату көлемін кеңейту және олардағы деректерді өңдеудің цифрлық орталығын құру тапсырылды.

Осы салада инвестицияларды қамтуда артта қалушылықты болдырмау үшін халықаралық қаржы институттары қаражатына жасалатын жобаларды ашық сатып алудың жаңа жүйесін және олардың іске асырылуын тиімді үйлестіру мен тиімді бақылауды енгізу белгіленді.

Күн көріс төмен отбасылар жағдайына бөлекше көңіл бөліп, «Көмек және қолдау» қорының қаражаты есебінен 30 000 мұқтаж отбасыларды күзгі-қысқы мерзімде тамақ пен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер жүктетілді.