English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев ауыл және су шаруашылығына қатысты мәселелер жөнінде жиын өткізді
22:48 / 2020-07-23

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын 2030 жылға дейін дамыту стратегиясы мен өзекті міндеттерді анықтайтын жарлыққа қол қойған еді...


23 шілдеде Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев бейнеконференция өткізді. Онда ауыл шаруашылығы мен су шаруашылығындағы экономикалық реформаларды жеделдету және нарықтық қатынастарды одан әрі дамыту бойынша қойылған міндеттердің орындалу барысы талқыланды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын 2030 жылға дейін дамыту стратегиясы мен өзекті міндеттерді анықтайтын жарлыққа қол қойып, осы саланы жаңғырту үшін Дүниежүзілік банк пен 500 миллион долларлық жобаның келісім жасалды.

Бүгінгі жиында дәл осы мәселеге назар аударылып, жоғарыдағы жоба аясында саладағы 8 ғылыми-зерттеу институттарының, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі бірқатар ұйымдардың қызметі түбегейлі өзгертіліп, заманауи зертханалар және жабдықтармен қамтылатын болды. Ол үшін Дүниежүзілік банк 124 миллион доллар, Еуропалық Одақ 2 миллион доллар көлемінде грант береді.

Жиында Президент шетелдік инвестициядан дұрыс пайдалану керек екенін айтып: - Ауыл шаруашылығы министрлігі осы мүмкіндікті оңды пайдаланып, бұрынғы жұмыс тәсілінен бас тарта фермерлерге сапалы қызмет көрсетуге және жаңа қызмет түрлерін кеңейтуге көшуі керек. Қысқасы, министрлік пен оның филиалдарының қызметін өзгерту қажет, - деді.

2021 жылдың соңына қарай 3 мың гекрет плантация түрінде интенсивті баулар егіндігін құрып, жаңа тәртіп негізінде халыққа 1-1,5 гектардан тарата тұрып 2-2,5 мың отбасын жұмыспен қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Жиында су мәселесін тиімді пайдалану жөнінде сөз айтылып, Президенттің 10 шілдедегі жарлығына сай 2020-2030 жылдарға жоспарланған концепциясында көрсетілген барлық қажеттіліктер нақтыланды.

Атап айтқанда, ағынды су арналрының тиімділігін арттыру мен 2 миллион гектар алқапта су үнемдейтін және 600 мың гектерда тамшылатып суғару технологиясын енгізу арқылы жылына 7 миллиард текше метр су үнемдеу жоспарланған. Цифрландыруға байланысты электр энергиясын тұтынуды 2 миллиард киловатт-сағатқа азайту сынды нормалар қарастырылған.