Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Ауғанстан делегациясын қабылдады
19:52 / 2021-02-02

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 2 ақпанда Өзбекстанға сапармен келген Ауғанстан Ислам Республикасының - Сыртқы істер министрі Мұхаммед Ханиф Атмар мен Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұхаммед Шакир Коргарды қабылдады.

Кездесуде көп жақты Өзбекстан – Ауғанстан ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы екіжақты қатынастардың қазіргі қарқынын сақтау және бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңыздылығын айтты.

Осыған байланысты, ең алдымен, тауар айналымын ұлғайтуға қолайлы жағдай жасау және оны таяу жылдарда кем дегенде 2 млрд долларға жеткізу, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайту, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларында маңызды бағдарламаларды жүзеге асыру керек. 

Ауғанстандық делегация мүшелері Өзбекстан Президентіне жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанидің сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді және Өзбекстанның Ауғанстандағы бейбітшілік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі табанды күш-жігеріне зор ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ бүгін Ташкентте халықаралық қаржы институттары басшыларының қатысуымен өткен Трансғауған теміржол жобасы бойынша үшжақты жұмыс тобының бірінші отырысының тиімді нәтижелері жоғары бағаланды.