Шавкат Мирзияев Астана саммитіне арналған концертті тамашалады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев шетел делегацияларының басшыларымен бірге Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің Астана саммитіне арналған концертті тамашалады.
Іс-шара алдында басшылар шынайы сұхбат құрды.
«Астана Опера» театрында өткен концертте қазақтың ұлттық әндері, классикалық симфониялары, опера және балет үлгілері орындалды. Оларда жақсылық, достық, татулық сынды жалпыадамзаттық құндылықтар өз көрінісін тапты.



