Шавкат Мирзияев Ашхабадқа келді
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың шақыруымен осы елге ресми сапармен келді.
Ашхабад халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Батыр Атдаев және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Қысқа әңгімелесуден соң Өзбекстан Президенті өзіне арналған резиденциясына жол тартты.
Сапардың негізгі шаралары ертең, 21 қазанда өтеді.





