Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Абу-Даби Әмірлігінің мұрагер ханзадасымен телефон арқылы сөйлесті
21:55 / 2020-04-07

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің басшылығына пандемия зардаптарын жоюға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты


Бүгін, 7 сәуірде Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Абу-Даби Әмірлігінің Тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары Шейх Мұхаммед ибн Заид Әл-Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбатта жан-жақты Өзбекстан - БАӘ қатынастарының өзекті мәселелері мен сауда-экономикалық, инвестициялық, банк-қаржы, отын-энергетика, көлік және коммуникациялар сынды басқа да басым бағыттардағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ, әнгіме барысында қазіргі уақыттағы өзікті проблемаға айналған коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау және осы жаһандық қатерге қарсы тиімді күресу үшін екі мемлекетте бұрын-соңды болмаған шараларға ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің басшылығына пандемия зардаптарын жоюға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Екіжақты ынтымақтастықтың қарқынына коронавирустың таралуының теріс әсерін азайту бойынша, өнеркәсіп, инфрақұрылым, энергетика, ауылшаруашылығы және басқа да салалардағы перспективалық жобаларды БАӘ-нің жетекші компаниялары мен банктерінің қатысуымен пандемияның теріс әсерін азайту жөніндегі жұмысты тығыз үйлестіруді жалғастыру маңызды екендігі жайында сөз болды.

Осы сұхбат аясында әртүрлі деңгейде бірлескен күш-жігерді белсенді үйлестіру қажет екендігі айтылды және тараптар аймақтық - халықаралық маңызы бар мәселелер бойынша пікір алмасты.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.