Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысын қабылдады
20:56 / 2020-02-03

Өзбекстанда АҚШ-тың жетекші компанияларының қатысуымен инвестиция көлемі 1 миллиард доллардан асатын перспективалық жобалар жүзеге асырылуда


3 қаңтар күні Ташкентте Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстанға ресми сапармен келген Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Ричард Помпеоны қабылдады.

Кездесуде Шавкат Мирзияев АҚШ пен Өзбекстанның ынтымақтастығы кейінгі жылдарда тек алға адымдай түскенін айтып, екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа дәуірі 2018 жылдағы АҚШ-қа жасаған алғашқы жоғары деңгейдегі тарихи сапары аясында келісімдерге қол жеткізілгені сөз болды.

Ресми сапармен келген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Пампео, Президент Шавкат Мирзияевқа жылы қабыл үшін алғыс білдіріп Президент Дональд Трамптың құттықтаулары мен ізгі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар Өзбекстан Президентінің елдегі жүргізіп жатқан демократиялық реформалары мен экономикалық жаңару бағыттарына жоғары баға берді.

Кейінгі жылдарда екі елдің арасындағы тауар айырбастау көлемі екі есеге өсіп, қазіргі кезеде Өзбекстан экономикасына тиесілі түрлі салаларда АҚШ-тың жетекші компанияларының қатысуымен инвестиция көлемі 1 миллиард доллардан асатын перспективалық жобалар жүзеге асырылуда.


Сұхбат соңында Өзбекстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық серіктестік пен практикалық ынтымақтастықты екі тарапта жан-жақты нығайтуға ниетті екендігін жеткізді.