Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев АҚШ делегациясын қабылдады
21:57 / 2020-10-20

Кездесу барысында тараптар Өзбекстан-АҚШ қатынасы және аймақтық күн тәртібі мәселелерін талқыланды


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 20 қазанда Өзбекстанға жұмыс сапарымен келген АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығының қолбасшысы, генерал Кеннет Маккензиді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Өзбекстан-АҚШ қатынасы және аймақтық күн тәртібі мәселелерін талқылап, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа, сондай-ақ жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы күрес мәселесіне ерекше назар аударды.

Ауғанстандағы бейбітшілік процесін қолдау және елдің экономикасын қалпына келтіруге практикалық көмек көрсету туралы пікір алмасты.

Екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері де талқыланды.

Генерал Маккензи Өзбекстан Республикасы Президентіне кездесу үшін шын жүректен ризашылығын білдіріп, АҚШ пен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға және ауқымды ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылатындығын атап өтті.