Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев ақпарат саласы мамандарын мерекемен құттықтады
21:37 / 2020-06-26

Құрметті достар!


Құрметті достар!

Баршаңызды 27 маусым - Баспасөз және БАҚ өкілдері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын және сіздерге ізгі тілектерімді білдіремін.

Осы сәтті пайдаланып, жаһандық пандемиядан туындаған қолайсыз жағдай мен қиындықтарға қарамай, халыққа жедел және сенімді ақпарат беру және демократиялық реформаларды жан-жақты баяндау жөніндегі өз кәсіби міндеттерін адал атқарып жүрген журналистерге шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді.

Құрметті ақпарат саласы мамандары!

Өздеріңіз белгілі, еліміздің дамуын жаңа деңгейге көтеруде ақпараттық саланы түбегейлі реформалау мен дамытуға үлкен көңіл бөлінуде.

Соңғы жылдары елімізде үлкен аудиторияға ие 290-ға жуық жеке және ведомстволық Интернет-басылымдар пайда болып, олар ең маңызды ресми ақпараттарды, нормативтік-құқықтық құжаттарды өзбек, орыс және ағылшын тілдерінде таратуда.

Ең бастысы, бұқаралық ақпарат құралдарыліміздегі ауқымды өзгерістер мен жаңару процестерін жан-жақты талдап, жергілікті әлеуметтік проблемалар, қателіктер мен кемшіліктерге мемлекеттік органдар мен қоғамның назарын аударып отыратындығын атап өткен жөн.

Тағы бір айтатын маңызды мәселе - кейбір журналистер мен блогерлердің білімі мен кәсіби шеберлігі, пікір алуандық мәдениетінің төмендігі қоғамды уайымға салуда. Осыған байланысты негізгі міндет - мұндай кемшіліктерді терең зерттеу және олардың шешімін табу, бар болған әлеуетті сапалы көрсеткіштерге айналдыру, бұқаралық ақпарат құралдарының тиімділігін арттырудан тұрады.

Біз болашақ журналистердің ақыл-ойы мен кәсіби шеберлігіне, ана тілімен қатар шет тілдерін, белсенді азаматтық ұстанымын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын үйренуіне ерекше назар аударуымыз керек.

Сіздердің мерекелеріңізге орай жақсы бір ұсынысты айтқым келеді. Егер біз Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің студенттеріне Махмудхожа Бехбуди атындағы шәкіртақы тағайындасақ, бұл біздің жастарымызды ұлттық идея рухында тәрбиелеуге қызмет етеді деп ойлаймын.

Сонымен қатар біз әлемдегі жетекші медиа-компаниялардың кдрларды даярлау және олармен жұмыс істеу тәжірибесін үйреніп, шетелдік журналистермен тәжірибе алмасып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуымыз керек.

Құрметті баспасөз және БАҚ өкілдері!

Сіздерді және сіздің барлық шығармашылық өніміңізді ұнататын оқырмандарыңызды кәсіби мерекелеріңізбен тағыда шын жүректен құттықтаймын.

Баршаңызға мықты денсаулық, жаңа жетістіктер мен шаңырақтарыңызға ырыс-береке тілеймін.

Шавкат Мирзияев,

Өзбекстан Республикасы Президенті