Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шанхайда 9 күндік локдаун жарияланды
14:13 / 2022-03-28

Қытайдың қаржылық астанасы саналатын Шанхайда COVID-19 инфекциясының көбеюіне байланысты локдаун жарияланды.

Euronews-тің хабарлауынша, Қытай билігі COVID-19 инфекцияларының көбеюіне байланысты қаланы тоғыз күнге жабу туралы шешім қабылдады - бұл пандемия басталғаннан бергі ең үлкен локдаун. 

Қытайда соңғы уақытта симптомсыз науқастар саны артқан. Соңғы аптада олардың саны 700-ден 3,4 мыңға дейін өсті. Локдаун екі кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде аясында 25 миллиондық қаланың шығыс жартысы жабылса (28 наурыздан 1 сәуірге дейін қаланың шығыс бөлігі), содан кейін батыс жартысын (1 мен 5 сәуір аралығында) жабу жоспарланған.

Осы аралықта қоғамдық көлік жұмыс істемейді, өндіріс тоқтатылды, тұрғындарға үйлерінен шығуға тыйым салынады.