Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шанхай үкіметі COVID-19 инфекциясының алдын алу үшін метро жұмысын тоқтатты
14:34 / 2022-05-10

Шанхай билігі COVID-19 инфекциясының алдын алу бойынша күрес аясында метро жұмысын жалғастырып жатқан соңғы екі желісінің жұмысын тоқтатты. Осылайша қаладағы метро желісі толығымен жұмысын шектеді.

«2022 жылдың 10 мамырында сағат 13:00-ден бастап және келесі ескертуге дейін Шанхай метрополитенінің алтыншы және он алтыншы желілері жұмысын тоқтатады. Қазіргі уақытта Шанхай метрополитенінің барлық желілері мен станциялары жұмысын тоқтатты", - делінген метроның Weibo әлеуметтік медиа аккаунтында жарияланған жазбада.

Шанхай метрополитені ұзындығы бойынша әлемде бірінші орында болып, жалпы ұзындығы 831 шақырымды құрайды. Онда 20 желісі бағытында 508 станция бар. COVID-19 пандемиясының басталуына дейін жолаушылар тасымалы тәулігіне 10 миллионнан астам адамды құрайтын.

Шанхай 28 наурыздан бастап коронавирустық індетке байланысты локдаунда. Билік тесттік жағдайдың екі кезеңін 5 сәуірге дейін аяқтап, аурудың таралуын болдырмау шараларын жасады. Бірақ ауру жұқтырғандар көп болғандықтан, карантин мерзімін ұзартуға тура келді – оның қанша уақытқа дейін жалғасатыны әзірге нақтыланбады.