Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шалғайдағы ауылдарға жұмысқа тұрған медицина мамандарына 30 млн сум және үй беріледі
17:47 / 2020-11-06

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың төрағалығында өтіп жатқан бейне конференциялы жиында Денсаулық сақтау жүйесінің алғашқы медициналық-санитарлық жүйесінде емдеу сапасы туралы сөз болып, онда кадрлардың жетіспейтіндігі және алыс мекенді ауылдарға барып жұмыс істейтін медицина мамандарына 30 млн сум және қызметтік үй берілетіні айтылды.

Ауылдық медициналық пункттер мен отбасылық емханаларда 20 мыңнан астам дәрігерлік штат бар, алайда 12 мың дәрігер жұмыс істейді. Себебі қазіргі кезде жалпы медициналдық дәрігер мамандығы жоғары оқу орындарының түлектері үшін қызықты емес.

Сондықтан Президент дәрігерлерге тиісті жағдай жасау арқылы оларды ең төменгі деңгейдегі - ауылдық медициналық пункттер мен отбасылық емханаларға тарту қажеттігін айтты.

Ол үшін елдің шалғай аудандардағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесінде «Ауыл дәрігері» бағдарламасы енгізіледі. Осы бағдарлама шеңберінде алыс мекендегі медициналық-санитарлық көмек қызметінде жұмыс істейтін медициналық мамандарға 30 миллион сум көлемінде бір реттік жәрдемақы төленеді, оған қоса қызмет үйі немесе жалдау ақысы өтелмек.

Дәрігерлерге деген қажеттілік махалаларда анықталып, медициналық жоғары оқу орындарында квотаны көбейту, ипотека негізінде салынған тұрғын үйлер бөлу, бірінші кезекте осы мамандық иелеріне берілуі жөнінде тапсырма берілді.

Халықтың қажеттілігі негізінде келесі жылы 100 ауылдық медициналық пункт пен 24 отбасылық емхана құру жоспарлануда.