Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шахрам Ғиясов пен Исраил Мадримов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді
14:18 / 2020-08-16

АҚШ-тың Оклахома штаты, Таласа қаласында ұйымдастырылған кәсіпқой бокс кешінде өзбекстандық екі былғары қолғап шебері жекпе-жек өткізді


АҚШ-тың Оклахома штаты, Талса қаласында ұйымдастырылған кәсіпқой бокс кешінде өзбекстандық екі былғары қолғап шебері жекпе-жек өткізді.

Кәсіпқой бокстың супер жеңіл салмақ категориясында (-63,5 кг) рингке шыққан өзбекстандық Шахрам Ғиясов (10-0, 8 КО) нигарагуалық Уинстон Кампосты (31-8-6, 19 КО) 10 раундқа жоспарланған жекпе-жектің үшінші раундында накаутқа жіберді. Осылайша 27 жасты спортшы кәсіпқой бокстағы 10 жеңісіне қол жеткізді. 

photo_2020_08_16_09_57_42.jpg

Ал екінші кездесу супер жартылай орта салмақ дәрежесінде (-69,85 кг) өтіп онда 25 жасты өзбек боксшысы Исраил Мадримов кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегінде 37 жастағы америкалық Эрик Уокерді (20-2-0, 9 КО) орта салмақтағы WBA тұжырымындағы іріктеу кездесуінде жеңді. 9 раундта Эрик Уолкердің накаутын төреші есепке алмай оған 5 минуттық демалыс берді. Бұл жағдайды төреші өзбек боксшысы желкемен қоса соққы берді деп тауып, оның нәтижесін жоққа шығарды. Дегенмен 12 раундтың нәтижесі бойынша төрешілер ұпай санына қарай (116-110, 116-111, 116-110) өзбекстандық боксшыны жеңімпаз деп тапты.