Шахматтан Орта Азия біріншілігі Ташкентте өтеді
22 мамыр күні Ташкент қаласында шахматтан Орта Азия елдері арасында FIDE 3.4 аймақтық чемпионаты өтеді.
22 мамыр күні Ташкент қаласында шахматтан Орта Азия елдері арасында FIDE 3.4 аймақтық чемпионаты өтеді.
Өзбекстан Республикасы Дене шынықтыру және спорт министрлігі, Өзбекстан шахмат федерациясы, Ташкент қаласының әкімдігі және бірқатар басқа ұйымдар тарапынан ұйымдастырылып жатқан жарыс Халықаралық шахмат академиясының арнайы ғимаратында өтеді.
Жарысқа байланысты БАҚ өкілдеріне арнайы конференция 22 мамыр күні 12:00де өтеді. Жарыстың ашылу салтанаты 14:00де басталады.
Өзбекстан шахмат федерациясы барша БАҚ өкілдерін баспасөз мәслихаты мен ашылу салтанаты шарасына шақырады.