Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үш облыста үш жылу электр станциясы іске қосылды
16:31 / 2022-03-14

2022 жылдың алғашқы үш айында Өзбекстанның үш облысында үш жылу электр станциясы іске қосылды.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы үш айында республиканың 3 облысында жалпы қуаты 684 МВт болатын 3 жаңа жылу электр орталығы іске қосылды.

  • Біріншісі – 11 қаңтарда Бұхара облысының Бұхара ауданындағы қуаты 270 МВт газ-поршеньді жылу электр станциясы.
  • Екіншісі –  14 қаңтарда Ташкент облысының Қыбрай ауданындағы қуаты 240 МВт бу-газ қондырғысы.
  • Үшіншісі –  10 наурызда Хорезм облысының Жаңарық ауданында 174 МВт жаңа жылу электр орталығы.

Бұл электр станциялар жылына 5,6 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндіреді. Құрылғылардың энергияны үнемдеу есебінен жылына 725 миллион текше метр табиғи газ үнемделеді.

Үнемделген табиғи газ есебінен қосымша 2,7 миллиард киловатт-сағат электр энергиясы өндіріледі.

Тағы бір айта кетерлік жайт, наурыз айының соңына дейін Ташкент облысының Қыбрай ауданында қуаттылығы 230 МВт болатын 4-ші жаңа жылу электр орталығы іске қосылады.