«Севилья» Еуропа лигасының 7 дүркін чемпионы атанды
Испанияның «Севилья» клубы Еуропа лигасының 7 дүркін чемпионы атанды.
Венгрия астанасы Будапештте өтткен Еуропа лигасының финалында «Севилья» клубы «Рома» клубын жеңіп чемпион атанды.
Ференц Пушкаш алаңында өткен тартысты кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебінде аяқталып, қосымша уақытта да жеңімпаз анықталмады.
Төреші Энтони Тейлор командаларды пеналтилер сериясына шақырды. Онда испандық клубтың жолы болып, «Севилья» 4:1 есебімен жеңімпаз болды.
Осылайша «Севилья» Еуропа лигасы тарихында 7 дүркін чемпионы атанды және келесі маусым Чемпиондар лигасына жолдамаға ие болды.