«Севилия» Еуропа лигасының алғашқы финалисті атанды
УЕФА Еуропа лигасының жартылай финал кездесуінде «Севилия» «Манчестер Юнайтед» клубын жеңіп, финалға шықты
УЕФА Еуропа лигасының жартылай финал кездесуінде «Севилия» «Манчестер Юнайтед» клубын жеңіп, финалға шықты.
Тартысты өткен кездесудің 9 минутында Решфордқа жасалған қауіпті әрекетті төреші «Севилья» қақпасына пенальти белгіледі. Бруну Фернандеш бұл мүмкіндікті мүлт жібермей есепті ашты.
26 минутқа келіп Хулен Лопетеги қол астындағы испандық клубтың жартылай қорғаушысы Сусо сол қанаттан ұзатылған допты Де Хеа қақпасына соғып есепті теңестірді 1:1. Біріншы бөлім осылай тең аяқталды.
Екінші бөлімді Сульшер шәкірттері жоғары деңгейде бастаған болса да, көп мүмкіндікті жоққа шығарды. Ойынның 78 минутына келіп де Йонг соққан гол «Севилияға» жеңіс сыйлап финалға шығарды. Қорытынды есеп 1:2.
Осылайша «Севилия» Еуропа лигасының алғашқы финалисті атанды. Ертең екінші финалист «Интер» мен «Шахтер Донецк» арасындағы кездесуде анықталады.
Финал 21 тамыз Германияның Кёльн қаласындағы «Рейн Энерги» стадионында өтеді.