Сеул соты Юн Сок Ёльды қамауға алу туралы ордер берді
Сеулдың Батыс округтік соты 3 желтоқсанда әскери жағдай енгізу туралы шешімі үшін биліктен шеттетілген Корея Республикасының (Оңтүстік Корея) президенті Юн Сок Ёльды қамауға алу туралы ордерді бекітті.
Бұл туралы 31 желтоқсан, сейсенбі күні Reuters агенттігі тергеу органдары мен жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы жемқорлыққа қатысты істерді тергеу департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
Yonhap агенттігінің мәліметінше, елдің конституциялық тарихында алғаш рет қазіргі мемлекет басшысын қамауға алу үшін ордер берілді.
Сонымен қатар, тінту жүргізу үшін де ордер шығарылған. Алдағы күндері прокуратура қамауға алу туралы бұйрықты, оның ішінде президент резиденциясында да орындауға кіріседі деп күтілуде.