«ПСЖ» қорғаушысы Серхио Рамос Испания құрамасының жаңа бас бапкері Луис де ла Фуэнтемен сөйлескеннен кейін құрамадағы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
«Бүгін таңертең маған жаңа бас бапкер қоңырау шалды және ол маған қалай ойнасам да, оның ұлттық құрамадағы жоспарларына қосылмайтынымды айтты. Болашақта да мені шақырмайтынын түсіндірді. Өкінішке орай, мен ұзаққа созылады деп үміттенген жағдай осылай аяқталатын болды.
Ойлауымша, ұлттық құрамадағы мансабым жасыма байланысты емес, өз шешіміммен аяқталуға лайық.
Мен Месси, Модрич және Пепе сияқты ойыншыларға таңқалам және әуесім келеді, бірақ менде енді ондай болмайды.
Өз елінің ұлттық құрамасының намысын 180 рет қорғаған адам ретінде ұлттық құрамамды сырттай қолдауды жалғастырамын. Осыншама жылдар бойы маған сеніп келгендердің барлығына шын жүректен алғыс айтамын!», - деп жазады Серхио Рамос әлеуметтік желідегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, 36 жастағы қорғаушы 2005-2021 жылдар аралығында Испания құрамасының намысын қорғаған. Ол 180 матчқа қатысып, Испания сапында 2010 жылғы әлем чемпионатын және екі рет Еуропа чемпионатын жеңіп алды.