DAZN стримингтік компаниясы ұйымдастырмақ болған бокс кеші ресейлік бұрынғы әлем чемпионы Сергей Ковалевтың қанынан синтетикалық тестостерон табылуына байланысты жекпе-жек өтпейтін болды.
VADA ұйымы жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалевтың тесттік нәтижесі оның тыйым салынған препаратты қолданғанын көрсетті деп хабарлаған. Осы жағдайдан кейін өзбекстандық орта салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығып жүрген Бектемір Меликузиев пен арадағы жекпе-жек өтпейтіні хабарланды.
Boxingscene.com хабарлауынша, осыған байланысты Бектемір Меликузиев: - мен көп сөз айтқым келмейді, маған оның (Сергейге қатысыты) не тұтынғанын қызық емес. Тек оны рингке шығарыңыз. Қалай болса да мен онымен жекпе-жекке шыққым келеді, деген.
Бектемір Меликузиевтің мүддесін қорғайтын «Мир боксаның» жетекшісі Андрей Рябинский тыйым салынған заттар барлық тиісті процедуралар орындалғанға дейін қабылданды деген қорытынды жасауға ерте екенін айтқан болса, Сергей Ковалевтың промоутері Кэти Дува қазіргі кезде «Б» сынамасын ашу мәселесі әлі анық емес екенін және боксшы қабылдаған қоспалар тыйым салынған заттарға тексерілетінін айтқан.
Еске сала кетейік, 24 жастағы өзбекстандық боксшы Бектемір Меликузиев пен 37 жасты Сергей Ковалевтың жекпе-жегі 30 қаңтар күні АҚШ-тың Калифорния штатында өтуі жоспарланған болатын.