Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Серена Уильямс теннистегі мансабын аяқтайды
11:28 / 2022-08-10

Төрт дүркін Олимпиада чемпионы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің 23 дүркін жеңімпаз америкалық теннисші Серена Уильямс спортпен қоштасып, мансабын аяқтайтынын хабарлады.

«Маған теннистен кететін кез келгенін мойындау қиын болды. Бұл мен үшін қойылған тыйым сияқты көрінді. Мен бұл туралы ойлай бастағанда-ақ көзіме жас келді», - деп жазған Vogue журналында жарияланған эсседе.

Уильямс US Open чемпионатынан кейін спорттан кететінін айтты. Турнир 29 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында өтеді.

Жақында 41 жасты қарсылайты Серена Уильямс кәсіпқой тенниске 14 жасында келіп, 17 жасында өзінің алғашқы «Үлкен дулыға» турнирін жеңіп алды. Ол төрт дүркін Олимпиада чемпионы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің 23 дүркін жеңімпазы болған.