Сербияда зымыран шығаратын зауытта жарылыс болды
23 қарашада Сербия астанасы Белград маңындағы бұршаққа қарсы бұлттарға зымыран шығаратын зауытта жарылыс болды.
Euronews-тің хабарлауынша, оқиға салдарынан кем дегенде екі жұмысшы қаза тапты. Тағы 16-ға жуық адам жарақат алып, ауыр күйікпен қаладағы ауруханаларға жеткізілген.
Алғашқы жарылыс шамамен жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де зымыран шығаратын учаскенің дайын өнім қоймасында болып, жарылыс кезінде зауытта 100-ден астам жұмысшы, қоймада 500-ге жуық зымыран болған.
Қазіргі кезде құтқару жұмыстары мен оқиғаның себебі анықталуда.