Сербияда қарттар үйінде өрттен сегіз адам қаза тапты
Белградтың шетінде қарттар үйінде өрт шығып, салдарынан сегіз адам қаза тапты.
АР RTS телеарнасының хабарлауынша, өрт таңғы 3:30-да басталған, сол кезде ғимаратта 30 адам болған. Оқиға салдарынан тағы жеті адам жарақат алған.
Сербияның еңбек және әлеуметтік көмек министрі Немања Старовичтің айтуынша, өрттің себебі қасақана жасалған болуы мүмкін.