English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сербия құрамасы ӘЧ үшін алған 1 млн еуро сыйақыны қайрымдылыққа жұмсады
11:51 / 2021-11-16

Футболдан 2022 жылы Қатарда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алғаны уәде етілген 1 млн еуро ақшалай сыйақыны Сербия ұлттық құрамасы қайрымдылыққа жұмсады.

Сербия президенті Александр Вучич ойыншыларға егер футболдан елдің ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына шықса 1 миллион еуро сыйақы беруге уәде еткен еді. Осы жағдайға байланысты ӘЧ іріктеу ойындары аясында Сербия құрамасы Португалияны 2:1 есебімен жеңгеннен кейін 2022 жылы Қатарда өтетін допты додаға жолдама алды. 

Президент уәде еткен ақша Сербия футбол федерациясына аударылды. Футболшылар ақылдаса келе ақшаны қайырымдылық қорына – ауру балаларға көмек көрсету қорына беруге шешім қабылдады.