Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич ресми сапармен Өзбекстанға келді.
Жоғары мәртебелі қонақ бүгін Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары Ачилбай Раматовпен «Жаңа Өзбекстан» саябағына барып, Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды.





Кешен аумағымен қысқаша танысу барысында Сербия делегациясының мүшелеріне ансамбльдің идеялық мазмұны мен сәулеттік шешімдері жөнінде мағлұмат берілді.
«Жаңа Өзбекстан» саябағы мен Тәуелсіздік монументі еліміздің тәуелсіздіктің отыз жылдығына арналған. Бұл жер үш мың жылдан астам уақытқа созылған ұлттық мемлекеттілік тарихының терең тамырларынан сыр шертеді. Монументке назар аударған әрбір жан халқымыздың салмақты өткені мен ұлы болашағының көркем бейнесіне күә болады.






Сондай-ақ шетелдік делегациялар мен жоғары мәртебелі меймандардың Өзбекстанға ресми сапары аясында осы монументке гүл қою дәстүрге айналған.

Делегация мүшелері кешенде бейнеленген ұлы ойшылдар мен қолбасшылардың, жадид бабаларымыздың бейнелеріне айрықша қызығушылық танытты. Тыныштық, еркіндік пен ізгілік нышаны саналатын Хумо құсының бейнесі кешеннің айрықша сәнін кіргізіп тұрғаны атап өтілді.
Б.ХУДОЙБЕРДИЕВ,
Р.НАЗАРМАТОВ (фото), ӨзА