Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сербия лаңкестік қаупіне байланысты қызыл дабыл жариялады
12:07 / 2024-06-30

Сербия елде лаңкестік қаупіне байланысты қызыл дабыл деңгейін жариялады.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Сербия Ішкі істер министрі Ивица Дачич мәлімдеп, өз кезегінде адам көп жиналатын орындарда қауіпсіздік күштерінің санының айтарлықтай артатынын білдірген.

«Мен Ішкі істер министрі ретінде лаңкестік қаупіне байланысты қызыл дабыл деңгейін жарияладым, бұл министрліктің барлық құрылымдық бөлімшелерінің басшылары терроризм қаупі туындаған жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы нұсқауларға сәйкес дереу әрекет етуді білдіреді», - деген Дачич.

Маусымның 29-ы күні ер адам Израиль елшілігін күзетіп тұрған Сербия Ішкі істер министрлігінің қызметкерін арбалетпен мойын тұсынан жаралап, кейін ол құқық қорғау органының қызметкері тарапынан залалсыздандырылған. Зардап шеккен тәртіп сақшысы Белград ауруханаларының бірінің жансақтау бөліміне жеткізіліп, оған ота сәтті жасалған. Израиль Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, дипломаттардың ешқайсысы зардап шекпеген.