Сент-Винсент және Гренадин билігі елді республика деп жариялау туралы референдум өткізуі мүмкін
Сент-Винсент және Гренадин премьер-министрі Ральф Гонсалвес елді республика деп жариялау және Королева Елизавета II-ні мемлекет басшысы мәртебесінен айыру бойынша референдум өткізуді ұсынды.
Searchlight порталының хабарлауынша, Ральф Гонсалвес елдің толық тәуелсіздік алуы үшін референдумды осы жылдың аяғына дейін немесе келесі жылдың басында өткізу туралы бастама көтерген.
«Егер оппозиция келіссе, мен өз президентіміз болу үшін бұл мәселені жылдың аяғына дейін немесе келесі жылдың басында референдумға шығаруға дайынмын», - деген Ральф Гонсалвес.
Сент-Винсент және Гренадин – Ұлыбритания басқаратын Достастық құрамындағы тәуелсіз мемлекет. Қазіргі күнде онда 111 мыңнан астам адам тұрады. 2009 жылы билік елді республика деп жариялау туралы референдум өткізіп үлгерді, бірақ тұрғындардың көпшілігі бұл бастамаға қарсы болған.