Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сенегалдағы президент сайлауы жыл соңына ауыстырылды
15:16 / 2024-02-06

Сенегал парламенті президент сайлауын 25 ақпанда өткізу жоспарын, 15 желтоқсанға қалдыру туралы шешім қабылдады.

Al Jazeera хабарлауынша, 165 орындық парламенттегі 105 депутат ауысуға дауыс берді. Бұл ретте елдің қазіргі президенті Макки Салль сол уақытқа дейін билікте қалады.

Басылым дерегінше, дауыс беру жағдайы бей-берекет өткен. Оппозициялық депутаттардың кейбірі мәжіліс залынан шығарылғанын, тәртіп орнату үшін қауіпсіздік қызметі тартылған.

Бұған дейін, өткен апта сенбі күні Салль президенттік сайлауды белгісіз мерзімге кейінге қалдыру туралы жариялап, халықтың наразылығын тудырды. Ел астанасы Дакарда наразылар мен полиция арасында қақтығыс болды.