Сенегалда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 19 адам қаза тапты
Сенегалдың солтүстігінде автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 19 адам қаза тапты.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, апат дүйсенбі күні Сенегалдың солтүстігінде болып, соқтығысуы салдарынан 19 адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланған.
Билік Луга аймағындағы Сакала маңында болған қақтығыстың себептерін анықтауда.
Еске салар болсақ, 8 қаңтарда Сенегал орталығындағы Кафрин аймағында екі автобустың соқтығысуынан ауыр жол апаты орын алған болатын. Нәтижесінде 42 адам қайтыс болған еді.