English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сенаттың он бесінші жалпы отырысы басталды
12:51 / 2021-05-28

Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлиси» Сенатының он бесінші жалпы отырыс басталды. Екі күндік бейнеконференция түрінде өтетін (28-29 мамыр) жиынды Сенат Төрағасы Танзила Норбаева жүргізуде.

Жиын күн тәртібінен орын алған мәселелер: «Көлік туралы», «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы»,«ӨР Мәдениет және өнер қызметкерлері күнін белгілеу туралы», «ӨР Сайлау кодексине өзгерістер мен қосымшалар енгізу жайлы», «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны (Нью-Йорк, 13 желтоқсан 2006 ж.) ратификациялауды» қоса алғанда, басқа бірқатар заңдардың талқылау жоспарланған.

Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасында 2030 жылға дейінгі гендерлік теңдікке жету стратегиясы туралы мәселе қаралатын болады және Министрлер Кабинетінің ӨР 2020 жылға арналған мемлекеттік бюджетінің және 2021 жылдың бірінші тоқсанының орындалуы туралы есебі тыңдалады.

Жалпы отырыста білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру, сондай-ақ коронавирус пандемиясынан кейін туризмді қалпына келтіру және дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жөнінде Министрлер Кабинетіне парламенттік сауал жолдау мен бірқатар басқа мәселелерді қарау жоспарлануда.