ӨР Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбоева Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Терхи Хакала және Еуропалық Одақтың Адам құқықтары жөніндегі өкілі Эймон Гилмормен кездесті.
Сенат мәліметінше, кездесуде Өзбекстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен келешегі, соның ішінде парламентаралық байланыстарды дамыту, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
«Сенат Төрайымы Өзбекстан Еуропалық Одақпен негізгі халықаралық серіктес ретінде өзара тиімді серіктестікті дәйекті дамытудан, өзара қарым-қатынастардың барлық бағыттарын қамту үшін бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екенін атап өтті.
Сұхбат барысында Өзбекстанда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдер құқықтарына кепілдік беру, олардың қоғамдағы және отбасындағы орнын нығайту мәселелері мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілгені айтылды», делінген хабарламада.
Кездесу нәтижесінде ауқымы кеңейіп келе жатқан екіжақты диалогты практикалық мазмұнмен одан әрі байыту келісілгені айтылады ведомство ақпаратында.