Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сенат Төрағасы сайлауда дауыс берді
14:58 / 2024-10-27

Өзбекстндағы маңызды саяси үдеріс – сайлау қызу жалғасуда.

Ташкент қаласының 576-сайлау учаскесіне Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева отбасымен бірге келіп, дауыс берді.

– Бүгінгі сайлау үдерісі еліміздегі кең ауқымды реформалардың нәтижесінде халқымыздың көзқарасы өзгергенін көрсетіп тұр, – деді Т.Нарбаева. – Яғни, халық белсенді бола түсті. Мұның ең басты себебі – азаматтарымыздың бұл үдеріске қатысы барын терең сезініп, өз қалауын білдіруде. Себебі әрбір азаматтың сайлауға қатысуының басты мақсаты – өз болашағына, отбасы мен балаларының, немерелерінің, Отанымыздың келешегіне әсер ету.

Сондықтан елімізде тұратын әрбір адам, жасына, жынысына қарамастан, Конституциядағы өзгерістерге сәйкес сайлауға белсенді қатысуда. Бұл өте қуанарлық жағдай. Сайлау нәтижелері, сөзсіз, халқымыздың, отбасымыздың және еліміздің тыныштығы мен игілігіне қызмет ететін болады.

Н.Абдураимова, Н.Хайдаров (сурет), ӨзА