Олий Мажлис Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева дипломатиялық миссиясы аяқталып жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының Өзбекстандағы тұрақты өкілі Матильда Димовскамен кездесті.
Парламенттің Жоғарғы палатасының ақпарат қызметінің хабарлауынша, диалог барысында өзекті мәселелер бойынша екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелері туралы пікір алмасылды.
Өзбекстан БҰҰ-ның бірқатар құрылымдарымен, атап айтқанда Даму бағдарламасымен тұрақты ынтымақтастықта көптеген жобаларды сәтті жүзеге асырды және бұл үдеріс үздіксіз жалғасуда. Әсіресе, шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасауда мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау – халық мүддесіне қызмет етуде.
Сенат төрағасы Өзбекстан мен БҰҰ арасындағы қарым-қатынастар одан әрі нығайып, аймақтық деңгейде ынтымақтастық кеңейіп, көптеген тұжырымдамалық жобалар жүзеге асырылып, маңызды шешімдер қабылданғанын ерекше атап өтті. Атап айтқанда, Матильда Димовска Өзбекстан мен БҰҰ арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан жеке үлесіне тоқталып, оның тікелей қолдауымен Өзбекстанның барлық аймақтарында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылғаны, экология, ауылды дамыту, Мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізу, гендерлік теңдік және инклюзивті саясат сияқты бірқатар салаларда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.
Өз кезегінде Матильда Димовска Өзбекстанның дамып келе жатқанын, Өзбекстанда өсу кейбір елдерде экономикалық тоқырау жағдайында байқалып отырғанын және оның адами жетілгендік (даму) рейтингінде жоғары деңгейге көтеріліп келе жатқанын атап өтті. Матильда Димовска БҰҰ Даму бағдарламасы мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық тұрақты түрде жалғасатынын, бірлескен жобалардың ауқымы кеңейетінін мәлімдеген.
Кездесу соңында Сенат төрағасы Матильда Димовскаға тиімді ынтымақтастық үшін алғыс айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі, делінген хабарламада.