Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сенат Төрағасы БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті
11:18 / 2023-11-14

ӨР Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенцияның атқарушы хатшысы Ибрахим Тиаумен кездесті.

Сұхбат барысында көлемі жаһандық ауқымда кеңейеіп бара жатқан шөлейттену және жердің деградациясы, шаңды дауылдардың алдын алу, биоәртүрлілікті сақтау бағытында БҰҰ-ның мамандандырылған құрылымдарымен ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды.

Бұл тұрғыда БҰҰ-ның шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясының (UNCCD) шолу комиссиясының 21-ші сессиясының маңыздылығы атап өтілді.

Ғаламдық экологиялық проблемалар контекстінде Өзбекстанда қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған практикалық шаралар, атап айтқанда, заңдарды, нормативтік құқықтық құжаттарды, мемлекеттік бағдарламаларды қабылдау және жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Ибрагим Тиау Өзбекстанның жасыл желекті әлемді қалпына келтіру жөніндегі бастамаларының маңыздылығын, қол жеткізіп отырған ілгерілеушілікті, елдегі жер деградациясының алдын алуда, сондай-ақ жерді қалпына келтіруде практикалық әрекеттерімен алдыңғы қатарлы елдердің қатарында тұрғанын атап өтті. 

Кездесу соңында экологиялық күн тәртібіне, қоршаған орта мен климаттың өзгеруіне қатысты мәселелер бойынша диалог пен ынтымақтастықты дәйекті түрде жалғастыру, оның салдарын жою бойынша бірлескен іс-қимылдар мен шаралар әзірлеуге келісілді.