Сенат төрайымы Федерация кеңесі төрайымына өзбекстандықтар үшін көмек сұрап хат жолдады
Өзбекстан СІМ басшылығыда Ресей Федерациясының СІМ-ге осы жылдың 5 сәуірінде нота жолдаған
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының төрайымы Танзила Норбаева Ресей Федерациясы Федералды Мәжілісі Федерация Кеңесінің төраймы Валентина Матвиенкоға пандемия жағдайында өзбекстандық азаматтарға көмектесуін сұрап хат жолдады.
Әлеуметтік желілер арқылы Олий Мажлис Сенатына Ресей Федерациясындағы қазіргі қиын жағдайда жұмыссыз және қаражатсыз жүрген өзбекстандық азаматтардан көптеген өтініштер келіп түсуіне байланысты Сенат төрайымы Танзила Норбаева әріптесі Валентина Матвиенкоға осы жағдайды ескеруін сұрап хат жолдаған. Хат мазмұнында, карантин аяқталғанша және еңбек нарығы толықтай іске түскенге дейін патентті қайта рәсімдеу мен оны жою сынды жеке тұлғалардан алынатын салықтарды төлеу мерзімін кешіктіру мүмкіндігін қарап шығу жайында жазлған.
Дәл осы мәселе жөнінде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне осы жылдың 5 сәуірінде нота жолдаған болса, Сенат төрайымы Федерация кеңесі төрайымына өз хатын 8 сәуірде жіберген.
Сондай-ақ хат мазмұнында Ресей халқына індетті тез арада жеңіп өтуін шын жүректен тілек айтылып, жаһандық коронавирустық пандемия жағдайында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың, оның ішінде парламентаралық үнқатысуды қолдаудың маңыздылығы айтылған.