Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлис» Сенаттың он төртінші жалпы отырысында «Азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне сұранысты қанағаттандыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» заң қаралып, онда бірнеше өнімге ҚҚС-тан уақытша босату туралы заң мақұлданды.
Отырыста күнбағыс тұқымы мен майдың сыртқы нарықтардағы өскен бағалары ішкі нарықтағы баға мен әлеуметтік жағдайға да әсер ететіндігі айтылып, өткен бір жыл көлемінде күнбағыс майы 38 пайызға өскені байқалды.
Бұл жағдайда ішкі нарықта өсімдік майы бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін заң Салық кодексіне өзгертулер енгізді, оған сәйкес 2021 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін:
өсімдік майын, күнбағыс пен зығыр тұқымын, сондай-ақ сояны елге әкелу;
өсімдік майын өндіру және (немесе) сату бойынша айналым қосылған құн салығынан босату туралы заңды Сенаторлар мақұлдады.
Сонымен қатар, осы Заңда 2021 жылғы 1 мамырдан бастап 31 желтоқсанға дейін күнбағыс тұқымдары мен шикі мақтаға, күнбағыс майына және мақта-май өнімдеріне экспорттық кедендік баж салығы енгізілді.
Осы Заңның мақұлдануымен майлы дақылдарға қатаң бақылау орнатылады деп күтілуде.