ӨР Олий Мажлис Сенатының 48-ші пленарлық отырысында «Өзбекстан Республикасының 2024 жылға арналған мемлекеттік бюджеті туралы» заң қаралды.
Талқылау барысында 2024 жылы Өзбекстан экономикасындағы жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 5,6-5,8 пайызды құрайтыны атап өтілді.
Атаулы заңда 2024 жылы жиынтық бюджет кірісі 375 триллион сум, ал шығыстар 427,6 триллион сум болады деп жоспарланып, жиынтық бюджет 52,6 триллион сум немесе жалпы ішкі өнімнің 4 пайызы тапшылықпен қалыптасқан. Сондай-ақ негізгі салық мөлшерлемелері өзгеріссіз қалдырылды.
Келесі жылы бюджет шығыстарының әлеуметтік бағыты сақталып, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ғылым, мәдениет және спортты дамыту, мұқтаж жандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге және басқа да әлеуметтік шараларға жалпы Мемлекеттік бюджет шығыстарының 50 пайызы немесе 151,5 триллион сум бөлінеді.
Жергілікті және импорттық акциз ставкаларын теңестіру мақсатында алкоголь мен темекі өнімдерінің импорты үшін мөлшерлеме 5 пайызға, ал жер қойнауын пайдаланғаны үшін цемент өндіруге арналған әктастың 1 тоннасы үшін 2 есеге төмендетілген.
Заң сенаторлар тарапынан мақұлданды.