Семсерлесу бойынша әлем чемпионаты Ташкентте өтеді
Семсерлесу бойынша 2027 жылғы ересектер арасында өтетін әлем чемпионаты Ташкентте өтеді.
Бұл туралы Халықаралық семсерлесу федерациясының кезекті Конгресінде белгілі болды.
Атаулы турнир 2027 жылдың 20-28 шілде аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетсек, өткен аптада Ташкент қаласында жоғары деңгейде өткен Конгресте федерацияның басшысы болып Алишер Усманов сайланған еді.
Айта кетерлік жайт, Ташкент бұған дейін 2015 жылы семсерлесу бойынша кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын қабылдап, халықаралық деңгейде үлкен тәжірибе жинақтаған болатын.