Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сайлауда мерзімінен бұрын дауыс беру күндері мен уақыты белгі болды
11:38 / 2024-10-09

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) кезекті отырысында сайлаушылардың мерзімінен бұрын дауыс беруін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге арналған қосымша шаралар, шетелдік бақылаушыларды аккредитациялау және басқа да мәселелер талқыланды.

Жиналыс барысында сайлау күні өз тұрғылықты жерінде бола алмайтын сайлаушылар үшін 2024 жыл 16-23 қазан күндері мерзімінен бұрын дауыс беруді ұйымдастыру туралы Орталық сайлау комиссиясының шешімі қабылданды. 

Мерзімінен бұрын дауыс беру күндері сайлау учаскелерінде дауыс беру уақыты жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал демалыс күндері сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін жалғасатын болады. Сондай-ақ, Өзбекстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық және басқа да өкілдіктері жанынан құрылған сайлау учаскелерінде мерзімінен бұрын дауыс беру сол учаскелер орналасқан елдегі жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

Айта кетейік, 27 қазанда өтетін сайлауда Олий Мажлис Заң шығару палатасына 11, жергілікті кеңестерге 605 мүгедектігі бар азамат депутаттыққа үміткер ретінде тіркелген. 

Отырыс барысында мүгедектігі бар азаматтардың өз сайлау құқықтарын жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында сайлау бюллетендерін толтыруға арналған Брайль әліпбиі негізіндегі трафаретті бекіту, сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар және дене мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған арнайы жабдықталған құпия дауыс беру кабиналарын, оптикалық ұлғайтқыштарды (үлкейту әйнектері) және қосымша жарықтандырғыштарды орнату, сондай-ақ, сайлау учаскесіне өз бетінше келе алмайтын сайлаушылардың дауыс беру күнінде тұрған жерлерінде дауыс беруін ұйымдастыру мәселелері талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар, ОСК шешімімен Түркі Мемлекеттері Парламент Ассамблеясының 19 өкілі, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, Ресей және Қытайдан 2 өкілден, АҚШ-тан 3 өкіл және Ұлыбритания, Латвия, Литва, Франция, Үндістан және Жапониядан 1 өкілден, барлығы 36 шетелдік және халықаралық бақылаушы аккредитациядан өтті.