Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда Өзбекстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, сайлауға дайындық кезеңінде Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен өтініштер, Президент сайлауына қатысатын халықаралық ұйымдардың байқаушылары мен БАҚ аккредиттеу мәселелері талқыланды.
Мәжiлiсте мүмкiндiгi шектеулi жандардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Өзбекстан Республикасы Президентiнiң сайлауына арналған сайлау бюллетенiн толтыру үшiн Брайль әліпбиі негiзiнде дайындалған трафарет үлгiсi бекiтiлдi. Сондай-ақ әрбір сайлау учаскесін осы трафареттермен қамтамасыз ету шаралары мақұлданды.
Сондай-ақ, жиында халықаралық бақылаушылар мен БАҚ өкілдерін аккредиттеу мәселелері де қаралып, Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды бақылау миссиясының өкілі аккредиттелді. Сондай-ақ жергілікті БАҚ-тың 159 өкілі және шетелдік БАҚ-тың 42 өкілі аккредитациядан өтті. Аккредиттелген жергілікті және шетелдік БАҚ өкілдерінің жалпы саны – 554 құрауда.
Отырыста қаралған барлық мәселелер бойынша ОСК-ның тиісті шешімдері қабылданды.